
2026 жылғы 23 қыркүйекте Ақмола облысы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Ж.Адамова Ақмола облыстық сотында өткен «Құқық қорғау органдарының қатысуымен процестік құжаттардың сапасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шара барысында процестік құжаттарды дайындау кезінде заңнама талаптарын сақтау, оларды ресімдеу сапасы, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі құжаттардың сауатты әзірленуі мәселелері талқыланды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, процестік құжаттардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1300101?lang=ru

Жауап қалдыру