
Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Абай атындағы орта мектептің оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, улы газдан уланудың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, білім беру бағыттары және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1300302?lang=ru

Жауап қалдыру