Төлеби аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысты.
Кезекті сессияның күн тәртібіне ауданның қаржылық және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер енгізілді.
Атап айтқанда, Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/184-VIII «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Сонымен қатар, Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №32/192-VIII «2026–2028 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша тиісті ақпарат берді.
Бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және мақсатты пайдалану, сондай-ақ елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ауданның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізілді.
Жауап қалдыру