Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті XXXI сессиясы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылдың 28 қыркүйегінде Жаңасемей аудандық мәслихатының кезекті XXXI сессиясы өтті. Жиын барысында өңірді дамыту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібінде сәйкес келесі мәселелер қаралды:

1. Жылыту маусымына дайындық: Тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің алдағы жылыту маусымына дайындығы барсы бағаланды.

2. Қоғамдық қауіпсіздік: Жаңасемей ауданының ішкі істер бөлімінің қоғамдық тәртіпті сақтау және аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

3. Тұрақты комиссия есебі: Аудандық мәслихаттың даму саласындағы экономика және бюджет, агроөнеркәсіптік кешен мен экология, әлеуметтік сала, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының есебі берілді.

4. Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 23/275-VIII «Абай облысы Жаңасемей ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Ауылдық округ әкімдерінің есептері: Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ және Алғабас ауылдық округ әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есептері қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша жан-жақты талқылау жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1300747?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді