«Жас сақшы»: есірткісіз болашаққа бастар қадам

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Жас сақшы»: есірткісіз болашаққа бастар қадам

Тараз қаласындағы №69 орта мектепте «Жас сақшы» жасағының оқушыларына есірткі қылмысының алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдерге есірткінің зияны мен заң алдындағы жауапкершілікті түсіндірді. Сонымен қатар кинолог мамандар қызметтік иттердің есірткі және жарылғыш заттарды анықтау, жоғалған адамдарды іздеу дағдыларын көрсетті.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттары аясында өтті. Кездесу соңында оқушыларға «Есірткісіз болашақ» жазуы бар футболкалар мен бейсболкалар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1300190?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді