Жіті ішек инфекцияларынан қалай қорғануға болады?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) — ішек жолдарын зақымдайтын жұқпалы аурулар тобы  (вирустық немесе бактериялық).

Берілу жолдары: тұрмыстық қарым-қатынас (тұрмыстық заттар арқылы), тағам, су және ауа- тамшылы арқылы.

  • Тұрмыстық қарым-қатынасарқылы жұғу жолы: лас қолдар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ және есік тұтқалары арқылы берілу.
  • Тағам арқылы жұғу жолы: жуылмаған көкөністерді немесе жемістерді, пісірілмеген тағамдарды және жарамдылық мерзімі өткен азық-түлікті тұтыну.
  • Су арқылы жұғу жолы: су қоймаларында шомылған кезде суды жұтып қою немесе қайнатылмаған суды ішу.
  • Ауа-тамшылы арқылы: бұл вирустарға тән қасиет және ол ауырған адаммен жақын байланыс арқылы беріледі. (жөтелу, түшкіру).

Берілу механизмі: нәжіс-ауыз арқылы.

Ішек инфекциясының негізгі белгілері:

  • құсу;
  • іш өту;
  • дене қызуының көтерілуі;
  • ас- қрыту жолы бойындағы ауырсыну;
  • әлсіздік;
  • сусыздану белгілері.

Қоздырғыштары вирустар (мысалы ротовирус) немесе  бактериялар (сальмонеллез, дизентерия/шигеллез, эшерихиоз).

  • Вирустық: тыныс алу жолдары тарапынан болатын белгілермен қатар жүреді (жөтел, мұрыннан су ағу).
  • Бактериялық: жоғары дене қызуымен және нәжісте қан немесе шырыштың болуымен сипатталатын ауыр түрде өтуі мүмкін.

Ішек инфекцияларының ең жоғары деңгейі жаз және күз айларында тіркеледі, бұл саяжайларға жаппай барумен, жеміс-жидек пен көкөністерді тұтынумен, тез бұзылатын азық-түліктің көшеде сатылуының кеңеюімен және ашық су айдындарында шомылумен байланысты. Жіті  ішек инфекциялар қоздырғыштары әртүрлі заттардың бетінде, сондай-ақ көкөністерде, жидектер мен жемістерде кездестіруге болады.  

Жіті  ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау, тек қауіпсіз су ішу және тағамды тиісті түрде өңдеу қажет.   

Жіті ішек  инфекцияларының алдын алудың негізгі ережелері:

  • Жеке гигиена: тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін және сырттан оралғаннан соң қолды сабынмен жуу.  
  • Қауіпсіз су: ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз. Ашық су көздерінен су ішпеңіз.
  • Термиялық өңдеу: етті, құс етін, жұмыртқа мен балықты жақсылап пісіріңіз. Кішкентай балаларға піспеген жұмыртқа мен сүтті бермеңіз.
  • Тиісті түрде сақтау: шикі және пісірілген тағамдарды бөлек  сақтаңыз.  Дайындалған тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз. Тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқышта сақтаңыз. Мерзімі өткен өнімдерді тұтынудан аулақ болыңыз.
  • Шомылу: тек арнайы белгіленген су айдындарында шомылыңыз және аузыңызға су кірмеуін қадағалаңыз.  

 

Әуезов ауданының СЭББ               эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы – Аздекова Рыскуль Жұманқызы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1300108?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді