
АЗАТ АУЫЛЫНДА СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛУДА
🏘️ Еңбекшіқазақ ауданының ТҮКШ және ТҮИ бөлімі тарапынан Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында су құбырларын ауыстыру және құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
💧 Жоба аясында жалпы көлемі 1000 м³ болатын (500 м³-ден 2 дана) су қоймаларының (резервуарлардың) құрылысы және жаңа су құбырларын тарту жұмыстары жүзеге асырылуда.
🛠️ Қазіргі таңда Чкалов және Көктөбе көшелерінде жаңа су құбырларын тарту және су құдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
✨ Аталған жұмыстар елді мекендегі ауызсу жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1301556?lang=ru

Жауап қалдыру