
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Әділет органдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әділет саласы – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын жауапты қызмет. Күнделікті еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз елдегі құқықтық мәдениетті дамытуға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге абырой және жаңа жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұлытау облысы Әділет департаменті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1301600?lang=ru

Жауап қалдыру