Абайлық спортшылар дойбыдан әлем чемпионатында төрт медаль еншіледі

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Франция астанасы Парижде 50 жастан асқан әйелдер арасында дойбы-100-ден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын Қарағанды облысынан барған, Абай қаласының тұрғындары Юлия Рынгач пен Светлана Чуприк абыроймен қорғады.

Әлем чемпионаты классикалық ойын, рапид және блиц бойынша үш бағдарламада ұйымдастырылды.

Әсіресе блиц сайысында жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетті. Юлия Рынгач қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды және алтын медаль иеленді. Ал Светлана Чуприк күміс жүлдегер атанды.

Классикалық бағдарламада да қос спортшы жүлделі орындардан көрінді. Юлия Рынгач күміс медальға ие болса, Светлана Чуприк қола жүлдені еншіледі.

Осылайша, Абай қаласының спортшылары әлем чемпионатынан төрт медальмен оралды: екі күміс, бір алтын және бір қола.

Абай ауданы әкімдігінің мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1300993?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді