АПТАЛЫҚ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен апталық аппарат мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы және бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Алдымен ауданның даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасады. Баяндама барысында негізгі көрсеткіштердің қазіргі ахуалы, жоспарлы міндеттердің орындалуы және алдағы кезеңге белгіленген жұмыстар сараланды.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл баяндама жасап, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, тұрғын үй кезегін түгендеу, жылыту маусымына дайындық және тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету, ауыз су бойынша берешектерді өндіру, автокөлік салығын жинау, сондай-ақ қараусыз жүрген малдарды реттеу бағыттарындағы жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етумен қатар, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселелерді жүйелі түрде шешудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, салықтық түсімдерді арттыру және берешектерді өндіру жұмыстарын күшейту, қараусыз малдарды ретке келтіру бойынша жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.

Апталық мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1300813?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді