Ақмолалық жас туристер республикалық слетте жүлделі орынға ие болды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті.

Еліміздің әр өңірінен келген жас туристер мен ізденімпаз зерттеушілер бас қосып, туған өлкені тануға, саяхат мәдениетін дамытуға және зерттеушілік қабілеттерін шыңдауға бағытталған сайыстарда өзара бақ сынасты.

Республикалық слетке Ақмола облысының командасы да қатысып, туристік бағыттағы шеберліктерін көрсетті. Команда құрамында Абикен Диас, Алембаева Лиана, Тусвалиева Аружан, Турубай Мейірлан, Тусвалиев Айтуар, Туяк Айлана, Биндевальд Даниэль және Науман Дарья өнер көрсетті.

Слет бағдарламасы аясында қатысушылар туристік сынақтардан өтіп, командалық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар экспедициялық жобаларын таныстырып, шығармашылық байқауларға қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша «Менің кіші Отаным» номинациясында Жарқайың ауданы, Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Абикен Диас жүлделі III орынға ие болды.

Жас турист Ақмола облысындағы балалар туризмі тақырыбында дайындаған бейнеролигін ұсынып, туған өлкенің туристік әлеуеті мен жасөспірімдер туризмінің маңызын шығармашылық тұрғыда көрсете білді.

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1301195?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді