
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңына сәйкес сараптамадан өтпеген, сондай-ақ сорттық және тұқымдық сапалары бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын себуге (отырғызуға) пайдалануға жол берілмейді.
Себуге арналған тұқымдардың егістік сапасын айқындау тұқым сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханаларда сынама алу және кейіннен талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады (Заңның 22-бабының 1-тармағы).
Тұқымдарды олардың сорттық және егістік сапаларын куәландыратын тиісті құжаттарсыз себуге пайдалануға жол берілмейді (Заңның 23-бабының 1-тармағы).
Өз өндірісінде өндірілген тұқымдарды пайдаланған жағдайда растайтын құжаттар ретінде апробация актісі және тұқымдардың кондициялылығы туралы куәлік не апробация актісі және тұқымдарды талдау нәтижесі танылады (Заңның 23-бабының 3-тармағы).
Егістік сапасына сараптамадан өтпеген тұқымдарды себуге пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 402-бабының 1-бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес мұндай құқық бұзушылық ескерту жасауға немесе мынадай мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады:
– жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
– шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 17 АЕК;
– орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК;
– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК.
Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіске арналған тұқымдарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-depagri/press/news/details/1301596?lang=ru

Жауап қалдыру