Азаматтарға Жәбірленушілерге өтемақы қорының қаражаты есебінен өтемақы алу құқығын түсіндіру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жарқайың ауданының прокуратурасы тұрғындар арасында Жәбірленушілерге өтемақы қорының қаражаты есебінен өтемақы алу мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрметті азаматтар!

Егер Сіз қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылсаңыз, заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік өтемақы алуға құқығыңыз бар екенін біліңіз. Бұл құқық ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 173-бабында көзделген.

Кім өтемақы алуға құқылы?

ҚР «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңының 6-бабына сәйкес өтемақы келесі санаттағы тұлғаларға тағайындалады:

  1. Жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші болып табылатын кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ адам саудасына және азаптауға байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілерге.

         Осы санаттағы өтемақының мөлшері 30 АЕК құрайды.

  1. Денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе АИТВ/ЖИТС жұқтырған тұлғаларға.

         Осы санаттағы өтемақының мөлшері 40 АЕК құрайды.

  1. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленушінің құқықтарына ие болған тұлғаларға.

Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, ҚР қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес жәбірленушінің құқықтарына ие болған тұлғалар өтемақы алуға құқылы.

Осы санаттағы өтемақының мөлшері 50 АЕК құрайды.

Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жәбірленуші деп танылған сәттен бастап өтемақы алуға құқылы, егер заңнамада немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе.

Өз құқығыңызды қалай жүзеге асыруға болады?

Адам жәбірленуші деп танылғаннан кейін өтемақы тағайындау туралы өтінішпен қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жүгінуі қажет.

Өтініш тіркелген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Назар аударыңыз: өтініш берудің ескіру мерзімі — адамның жәбірленуші деп танылған күнінен бастап 3 жыл. Бұл мерзім өткізіп алынған жағдайда оны қалпына келтіру туралы сотқа жүгінуге болады.

Өтемақы тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін төлем алушының банктік шотына аударылады.

Қордан төленетін өтемақы жәбірленушінің кінәлі адамнан келтірілген зиянды заңда белгіленген тәртіппен өтеуді талап ету құқығын жоймайды.

Жарқайың ауданының прокуратурасы азаматтарды өз құқықтарын білуге, қылмыстық процесс барысында берілген түсіндірмелерге мұқият қарауға және заңда көзделген құқықтарын уақтылы жүзеге асыруға шақырады.

Егер Сіз жәбірленуші деп танылсаңыз және өтемақы алуға құқығыңыздың бар-жоғын білмесеңіз, қылмыстық процесті жүргізіп жатқан органға немесе прокуратураға тиісті түсіндірме алу үшін жүгініңіз.

 Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1301538?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді