ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ КАЙ-ФУ ЛИМЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КАДР ДАЯРЛАУ САЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ КАЙ-ФУ ЛИМЕН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КАДР ДАЯРЛАУ САЛАСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Sinovation Ventures басқарма төрағасы, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, доктор Кай-Фу Лимен кездесті. Тараптар жасанды интеллектіні жұмыспен қамту, кадрларды даярлау және қайта даярлау салаларында кеңінен қолдану, сондай-ақ қазақстандықтардың қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бойынша практикалық дағдыларын дамыту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында AI Earners бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама «дағды → тапсырыс → расталған табыс» қағидатына негізделген. Оның негізгі мақсаты азаматтардың жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеуді үйренуін нақты бизнес тапсырмаларын орындаумен байланыстыру. Яғни адам алған білімін іс жүзінде қолданып, қажетті дағды қалыптастырады. Бұл дағдыларды жұмысқа орналасу, өз бетінше еңбек ету және табыс табу үшін пайдалануға болады. Асқарбек Ертаев доктор Кай-Фу Ли мен оның командасының заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында жасанды интеллектіні қолдану аясын кезең-кезеңімен кеңейтіп келе жатқанын айтты.

«Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға үлкен мән береміз. Әлеуметтік саясатта әр адамға жеке көзқарас қажет. Сондықтан цифрлық шешімдер ең алдымен азаматтардың қажетіне жұмыс істеуі керек. Бүгінде біз жасанды интеллектіні жұмыспен қамту, мемлекеттік қызметтер көрсету және әлеуметтік қорғау салаларында қолданып келеміз. Ендігі маңызды қадам – жасанды интеллект мүмкіндіктерін адам капиталын дамытуға пайдалану. Яғни азаматтарға сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, жұмысын тезірек табуға және табыстың жаңа көздерін қалыптастыруға көмектесу. Біз үшін технологияның адамға нақты мүмкіндік беріп, нақты нәтиже әкелуі маңызды», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1301465?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді