
2026 жылғы 29 қыркүйекте «Облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттануды төмендету және алдын алу шаралары және келтірілген зиянды өтеу туралы» тақырыбында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Сараптамалық кеңестің жұмысына мемлекеттік органдардың, кәсіподақ ұйымдарының және облысы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қизатов Бақытбек Құрманбекұлы облыс кәсіпорындарындағы 2026 жылдың 8 айындағы өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы ақпарат ұсынды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің басшысы Нарзиева Елена Александровна өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
«ШҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіподақ ұйымдарының маңызды рөлін атап өтті.
Отырыс барысында облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша практикалық шараларға ерекше назар аударылды.
«Қазцинк» ЖШС Металлургиялық кешенінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас менеджері Рамазанов Қанат Төлеубаевич және «Средигорненский» ЖШС директоры Дяглев Иван Петрович кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі жауапкершілігін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1300953?lang=ru

Жауап қалдыру