
Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі Лермонтов атындағы орта мектебінде ата-аналар арасында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесу барысында бала мінез-құлқындағы алаңдататын өзгерістерге дер кезінде назар аудару, қауіптің алғашқы белгілерін байқау, баламен сенімді қарым-қатынас орнату және қиын жағдайда дұрыс әрекет ету мәселелері талқыланды.
Ата-аналар мен педагогтерге баланың қауіпсіз ортасын қалыптастырудағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1300841?lang=ru

Жауап қалдыру