
Алаяқтар күн сайын азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Олар өздерін банк қызметкері , полиция қызметкері немесе басқа ұйым өкілі ретінде таныстырып, сенімге кіреді.
Есте сақтаңыз:
SMS-кодты, құпия сөзді және банк картасының деректерін ешкімге айтпаңыз!
Бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз.
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз.
Өзін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырған адамға сенбес бұрын, әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.
Ең бастысы — асықпаңыз! Алаяқтар азаматтарды қорқытып немесе асықтырып, шешім қабылдатуға тырысады.
Полиция ескертеді: қырағы болыңыз! Жеке және банк деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1300881?lang=ru

Жауап қалдыру