Маңғыстауда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға бағытталған жұмыстардың барысы түсіндірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстауда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға бағытталған жұмыстардың барысы түсіндірілді

Маңғыстау облысында 2026–2027 жылдардағы ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев мәлімдеді.

Мұхтар Сербаевтің айтуынша, облыста ЖРВИ мен тұмаудың айналымына зертханалық мониторинг жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап ПТР әдісімен 545 талдау зерттелді.

-Медициналық ұйымдар тұмауға қарсы қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Тұмауға қарсы иммундау жұмыстары облыстың барлық емханаларында белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады. Вакцинация жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар азаматтарға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, балалар үйіндегі балаларға, сондай-ақ интернаттар мен қарттар үйлеріндегі адамдарға жүргізіледі. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында балалар мен қызметкерлердің қатысуына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ таңертеңгі сүзгі ұйымдастырылып, жеке гигиена талаптарын сақтау, қолды антисептикпен өңдеу, бөлмелерді желдету және профилактикалық түсіндіру жұмыстары қамтамасыз етіледі, – деді Мұхтар Сербаев.

Спикердің айтуынша, тұрғындарға эпидемиологиялық маусымда қарапайым профилактикалық шараларды сақтау керек. Атап айтқанда, адам көп жиналатын орындарда маска қолдану, қолды сабынмен жиі жуу, бөлмелерді тұрақты желдету және ылғалды тазалау жүргізу маңызды. Ауру белгілері байқалған жағдайда медициналық маманға жүгініп, дәрі-дәрмектерді өз бетінше қабылдамау ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1301303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді