Мемлекеттік қызметшілердің этикасы, мүдделер қақтығысы және дербес жауапкершілігі

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 қыркүйегінде Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі  Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлының төрағалығымен Жетісу облысының қаржы басқармасы қызметкерлеріне «Әдеп, мүдделер қақтығысы және мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтау жөніндегі дербес жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушыларға тәртіптік теріс қылықтарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне қайшы келетін өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатыны түсіндірілді..

Сонымен қатар, қызметкерлердің назарына құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көзделген шектеулер жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-finance/press/news/details/1301091?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді