
✅Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және құжат айналымы үдерістерін тиімді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге Zoom платформасы арқылы онлайн форматта AITU бағдарламасын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
✅Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары барысында AITU бағдарламасының мүмкіндіктеріне, оны қызметтік жұмыста пайдалану тәртібіне және құжаттармен жұмыс істеудің цифрлық тәсілдеріне, жасанды инттелектпен байлынысына тоқталды.
✅Атап айтқанда, электрондық құжат айналымын ұйымдастыру, құжаттарды дайындау, өңдеу және тиісті бағыттар бойынша жолдау кезінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
✅Сондай-ақ онлайн кездесуде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық тұрғыда түсіндірмелер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1301410?lang=ru

Жауап қалдыру