Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

2026 жылғы 25 қыркүйекте Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімдігінің басқарма басшыларының орынбасарлары мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандардың қатысуымен семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі №600 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Қатысушыларға мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және өткізу, шарттарды орындау, сондай-ақ камералдық бақылау рәсімдері барысында ескерілетін негізгі талаптар түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, практикалық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Іс-шара мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын дұрыс қолдану, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-memlekettik-satyp-alu/press/news/details/1300883?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді