
Жауап: Қазақстан Республикасы «Діни қызметжәне діни бірлестіктер туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекет дінмен діни бірлестіктерден бөлінген және мемлекетдіни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласпайды. Аталған Заңның 16-бабына сәйкес, дінибірлестіктер өз қызметін жарғы негізінде жүзегеасырады. Осыған байланысты мешіт имамдарынқызметке тағайындау, қызметінен босату, тәртіптікжаза қолдану немесе өзге де кадрлық мәселелерҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының(бұдан әрі – ҚМДБ) ішкі құзыретіне жатады жәнеБас мүфтидің шешімімен жүзеге асырылады. Осыған орай, мешіт имамдарының қызметінеқатысты өтініштер, шағымдар немесе ұсыныстартікелей ҚМДБ өкілдігіне жолдануы тиіс. Егер діни қызметкердің әрекеттеріненазаматтардың құқықтары бұзылса немесеқолданыстағы заңнама талаптары сақталмаса, азаматтар құқық қорғау органдарына немесе сотқазаңнамада белгіленген тәртіппен жүгінуге құқылы. Қайда жүгіну керек: – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы; – Құқық қорғау органдары; – Сот органдары (қажет болған жағдайда). Қысқаша мазмұны: Имамдарды қызметке тағайындау, қызметіненбосату және тәртіптік жауапкершілікке тартумәселелері Маңғыстау облысының дін істерібасқармасының құзыретіне кірмейді. Бұлмәселелер ҚМДБ-ның ішкі құзыреті болыптабылады. Азаматтардың құқықтары бұзылғанжағдайда құқық қорғау органдарына немесе сотқажүгінуге болады. Сілтеме: https://www.muftyat.kz/kk/ Кілт сөздер: имам, ҚМДБ, қызметке тағайындау, қызметтенбосату, тәртіптік жаза, шағым
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/1300939?lang=kk

Жауап қалдыру