
Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Отырыста қала тұрғындарының өміріне тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ қаладағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Жиында қала тұрғындарының талап-тілектерін ескеру, өзекті мәселелерді ашық талқылау және оларды шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру мәселелеріне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1301418?lang=kk

Жауап қалдыру