Қарттар күніне орай Төлеби ауданында «Қарияға қамқорлық – ұлтқа көмек» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлап, қарияны құрметтеуді ұрпаққа өнеге еткен. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсету – ұлттық құндылықтарымыздың бірі.
Осы мақсатта Төлеби аудандық әкімдігі мен Төлеби аудандық «Отбасы қолдау орталығы» бірлесіп, Ленгір қаласында тұратын төрт қарияның шаңырағына арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін табыстады.
Іс-шара барысында қариялардың жағдайы сұралып, мерекелерімен құттықталып, оларға жылы лебіздер білдірілді. Өз кезегінде ақсақалдар мен әжелер көрсетілген құрмет пен қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ақ баталарын беріп, алғыстарын жеткізді.
Қарияға көрсетілген құрмет – ұрпаққа көрсетілген өнеге.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, жалғызбасты және қарт азаматтарға бағытталған қайырымдылық және әлеуметтік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жауап қалдыру