Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» ШЖҚ МКК-ға барып, колледж жастарының қатысуымен тағылымды кездесу өткізді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жыл 8 қыркүйек күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжі» ШЖҚ МКК-ға барып, колледж жастарының қатысуымен тағылымды кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастарға «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағыну, адалдық және адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттары кеңінен түсіндірілді.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру – құқықтық мемлекетті нығайтудың басты бағыты. Жастардың жеңіл жолмен ақша табамын деген оймен жаман жолға түсіп кетпеуі, заңсыз әрекеттерге араласпауы және құқық бұзушылықтың салдарын алдын ала түсінуі мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) мақсаты мен қызметіне ерекше тоқталып, азаптаудың және өзге де қатыгез, адамдық қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алудағы маңызы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1301605?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді