Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы Балалар құқықтарын қорғау басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы Балалар құқықтарын қорғау басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

 Бару барысында балалардың санитарлық-гигиеналық жағдайлары, медициналық қызмет көрсету сапасы және күнделікті тамақтану тәртібі зерделенді.

 Сонымен қатар, балалардың жатын орындары мен тұрмыстық жағдайлары, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы жан-жақты қаралды.

Бару қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

Баланың құқығын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Әрбір бала қауіпсіз, қолайлы ортада өмір сүруге және тиісті қамқорлыққа ие болуға тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1301613?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді