
2026 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары атмосфералық ауаның сапасына санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша мониторинг жүргізді.
Атмосфералық ауаның 31 830 сынамасы зерттеліп, оның ішінде 18 сынамада (0,05%) белгіленген гигиеналық нормативтерден ауытқулар анықталды.
Ауызсудың сапасын бақылау барысында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 2 468 сынама зерттелді. Оның ішінде 80 сынама (3,2%) гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді.
Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 2 454 сынама зерттеліп, 147 сынамада (6,0%) ауытқулар анықталды.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың өмір сүру ортасының қауіпсіздігін бағалауға және санитариялық талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1300843?lang=ru

Жауап қалдыру