
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда каноэмен ескек есуден Қазақстан командасының қоржынына екінші медаль түсті.
Әйелдер арасында каноэден финалда Ұлттық құрама намысын қорғайтын Анастасия Ананьева үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз жинаған 125.85 ұпай оған қола жүлдегер атануға мүмкіндік сыйлады.
Осы сайыста Жуан Хуань (Қытай) чемпион атанды. Күміс таиландтық Атчарапорн Дуанглаваның еншісінде.
Еске сала кетейік, Анастасия Ханчжоудағы Азия ойындарында күміс медаль иеленген.
Фото: Никита БАСОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1301576?lang=ru

Жауап қалдыру