
«Таза Қазақстан» — «Заң және тәртіп» қағидаты аясында
Қойбағар ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елді мекендердің аумақтарын абаттандыру және тазалықты сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауылдық округ қызметкерлері сенбіліктерге қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, бекітілген аумақтарда тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда.
Тазалық пен тәртіпті сақтау — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karasy-koibagar/press/news/details/1301001?lang=ru

Жауап қалдыру