
Румынияның Бухарест қаласында 21-27 қыркүйек аралығында тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік спортшылары бас қосып, ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған түркістандық тоғызқұмалақшылар жоғары нәтиже көрсетті.
Классикалық тоғызқұмалақтан Ақбота Намаз барлық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Ал Асель Далиева рапид сайысында шеберлік танытып, жарыстың жеңімпазы атанса, блиц бәсекесінде қола медаль иеленді. Осылайша, Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионатында 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алып, ел мерейін үстем етті.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1300867?lang=ru

Жауап қалдыру