
Қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасында жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мақсатында «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы №131-VI ҚРЗ Заңы қабылданған. Аталған заң жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жәбірленушілерге біржолғы ақшалай өтемақы төлеуді көздейді. Заңда белгіленген жағдайларда сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, азаптау салдарынан жәбірленушілерге, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келтірілген және заңда көрсетілген өзге де санаттағы адамдарға өтемақы төленеді. Өтемақы мөлшері қылмыстық құқық бұзушылықтың санатына қарай 30, 40 немесе 50 АЕК құрайды. Өтемақы алу үшін азамат қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жәбірленуші деп танылып, тиісті өтініш беруі қажет. Өтініш жәбірленуші деп танылған күннен бастап үш жыл ішінде берілуі мүмкін. Өтемақы алу жәбірленушінің келтірілген залалды кінәлі адамнан заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алу құқығын жоймайды. Өз құқығыңызды біліңіз және заңда көзделген мүмкіндіктерді пайдаланыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1301048?lang=ru

Жауап қалдыру