
29 қыркүйекте Жезқазған қалалық емханасының базасында Қызмет алушылар күні өткізілді.
Іс-шараға зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А. Байменова және МӘС бөлімінің бас маманы А.Биболат қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырумен, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер алды.
Мұндай кездесулер — халықпен ашық диалог орнатуға, қажетті ақпаратты қолжетімді түрде жеткізуге және әрбір қызмет алушыға жеке көңіл бөлуге мүмкіндік береді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1301444?lang=ru

Жауап қалдыру