
Құрметті Әуезов ауданының ардагерлері, аға буын өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Үлкенге құрмет көрсету, ақыл-кеңесіне құлақ асу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен қоғамымыздың дамуына аға буынның сіңірген еңбегі зор. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, парасат-пайымдарыңыз бен өнегелі жолдарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра.
Бүгінде Әуезов ауданында 50 мыңнан астам аға буын өкілі тұрады. Бұл – Алматы қаласының аудандары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сондықтан ардагерлеріміздің әл-ауқаты мен белсенді өмір сүруіне жағдай жасау, оларға әрдайым қолдау мен құрмет көрсету – біз үшін маңызды міндет.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Әрдайым жақындарыңыздың ортасында сый-құрметке бөленіп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен, Абзал Егембердиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1302408?lang=ru

Жауап қалдыру