
Ақтау қаласында автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстары 32А, 32Б, 34А, 35-шағын аудандар қиылысынан бастап, 19А, 19, 18, 20-шағын аудандар қиылысына дейінгі, жалпы ұзындығы 2,150 шақырым болатын жол учаскесінде жүргізілуде.
Жұмыстар Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысына сәйкес жүзеге асырылуда.
– Қазіргі таңда аталған жол учаскесінде жаңа жол жиек тастарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін “ЩМА-20” жол жабындысы кезең-кезеңімен төселетін болады. Жол жөндеу жұмыстары белгіленген кезеңдерге сәйкес жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстар барысында келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көнілімқосов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1302136?lang=ru

Жауап қалдыру