Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды міндетті лицензиялау енгізілді.

Лицензиялаудың негізгі мақсаты – қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 24 ұйым жұмыс істейді. Барлық 24 ұйым лицензия алып, 5 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетуде. Ең көп сұранысқа ие қызмет түрі – үйде қызмет көрсету жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер. Бұл қызметпен 3380 астам адам қамтылған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, меншік нысанына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тиісті лицензиясы болуы тиіс екенін хабарлаймыз.

Лицензиялау:

– ұйымның белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін;

– тиісті білімі бар қажетті мамандардың болуын;

– үй-жайдың санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін;

– нысанның мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді;

– қажетті материалдық-техникалық базаның болуын;

қызмет алушылардың тамақтануын, тұруын және болуын ұйымдастыру кезінде белгіленген талаптардың сақталуын растауды көздейді.

Осыған байланысты, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын барлық үкіметтік емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті лицензия алуды қамтамасыз етуді сұраймыз.

Лицензияның болуы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру үшін міндетті шарт болып табылады.

Өтініш беру және лицензия алу мәселелері бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне мына мекенжай бойынша хабарласу қажет: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.

 

https://www.instagram.com/reel/Dd5-Btio_7J/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1301815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді