Кездесу барысында «Азаматтың құқықтары және ортақ міндет: тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметі аясында Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ-де өткен ата-аналар жиналысына қатысты.

Кездесу барысында «Азаматтың құқықтары және ортақ міндет: тәртіп, құндылық және жауапкершілік» тақырыбында құқықтық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында ата-аналарға азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызы, сондай-ақ отбасы мен білім беру ұйымының бала тәрбиесіндегі өзара ынтымақтастығы туралы түсіндірілді.

Кездесудің басты мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық пен міндеттің өзара байланысын түсіндіру және жас ұрпақ арасында жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1301670?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді