Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Мұхатаева мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Ж.К. Серикбаеваға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық, адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуының маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдеп талаптары, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік жағдайын жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшіге мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын күнделікті қызмет барысында ұстану қажеттілігі түсіндірілді.

Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі екендігі және мемлекеттік қызметке деген қоғамның сенімін арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1301732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді