«Нұр – Авиценум» медициналық орталығының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының басшылығы және қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

⚜️ 2026 жылғы 29 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы К.Болтаева «Нұр – Авиценум» медициналық орталығының дәрігерлік-консультациялық комиссиясының басшылығы және қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.

🔹Семинар-кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда, коматоздық жағдайдағы адамдарға сараптама жүргізу мәселелері талқыланды.

🔹Сонымен қатар медициналық құжаттаманы сапалы толтыруға, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау кезінде дұрыс емес және жалған құжаттарды ұсынуға жол бермеуге ерекше назар аударылды.

🔹 Өз кезегінде, клиника ұжымы тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар тыңдалып, олар бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

🔹 Кездесу қорытындысы бойынша азаматтарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау рәсімдерін Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1301838?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді