
Өскеменде металл қабылдау пунктінен 200 келіден астам мыс ұрланған
Облыс орталығында Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері металл қабылдау пунктінің аумағынан мыс ұрлау дерегін ашты. Ұрланған металдың жалпы салмағы 217 килограмды құрап, келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты.
Бірнеше қап мыс жоғалғанын полицияға сол жердің иесі хабарлаған. Анықталғандай, түнде белгісіз адам нысан аумағына артқы жағынан кірген. Кейіннен қойма бөлмесіне өтіп, ол жерден металл салынған 8 қап ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарды анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұрланған мыс аумақтан автокөлікпен шығарған және әрі қарай сатуды көздеген.
Келтірілген шығын көлемі 1 085 000 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
ШҚО Полиция департаменті нысан иелерін мүлікті тиісті күзетсіз қалдырмауға шақырады. Әсіресе түнгі уақытта аумақтар мен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлу қажет.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1301649?lang=ru

Жауап қалдыру