
Павлодар облысында ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілуде.
Курсты ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және «Talap» КеАҚ.
Курстың мақсаты – ТжКБ ұйымдарындағы жалпы білім беру пәндері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісін заманауи тәсілдер негізінде жобалау және тиімді оқыту технологияларын тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Курс барысында педагогтер 3 негізгі бағыт бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруде:
Білім берудегі заманауи технологиялар – оқыту үдерісінде заманауи педагогикалық тәсілдер мен құралдарды тиімді пайдалану;
Scaffold құралдарын пайдалана отырып оқу сабақтарын жобалау – білім алушыларға оқу материалын меңгеруге кезең-кезеңімен қолдау көрсету және сабақ құрылымын тиімді ұйымдастыру;
Мамандық бейінін ескере отырып, модуль/пән бойынша білім беру процесін жобалаудың заманауи құралдары – оқу мазмұнын білім алушылардың кәсіби бағытымен байланыстыра отырып, білім беру үдерісін тиімді жоспарлау.
Курс педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, жаңа әдістерді оқу үдерісіне енгізуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1301713?lang=ru

Жауап қалдыру