Қарақия ауданында жаңа порт салынады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарақия ауданында жаңа порт салынады

Қарақия ауданында өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба – «Порттың бірінші кезеңіндегі көпфункционалды терминалды салу» жобасы жүзеге асырылуда.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, басты жобалаушы инвесторы «Kazakhstan Guoyou Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, жобаның құрылтайшысы ретінде Қытай Халық Республикасының ірі «Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd.» өндірістік тобы болып саналады.

Инфрақұрылымдық жоба аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да елеулі серпін бермек. Құрылыс кезеңінде 1 500 жұмыс орны ашылса, объект пайдалануға берілгеннен кейін 800-ге дейін тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жобаны толықтай іске қосу мерзімі 2029 жылға жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1301658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді