Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтың қатысуымен №53 мекеме басшылығымен бірлескен жеке қабылдау өткізілді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтың қатысуымен №53 мекеме басшылығымен бірлескен жеке қабылдау өткізілді.

 Жеке қабылдау барысында сотталған азаматтың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, оның құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, азамат денсаулық жағдайына байланысты тиісті медициналық тексеруден өтіп, медициналық көмек алуға мұқтаж екенін мәлімдеді.

 Көтерілген мәселелер бойынша азаматқа қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер беріліп, әрбір сауалына заң аясында жауаптар ұсынылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматқа өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңда көзделген тәсілдері түсіндірілді.

 Қабылдау барысында азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету, заңды мүдделерін қорғау және денсаулық жағдайына байланысты қажетті медициналық көмектің уақтылы көрсетілуіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1301639?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді