
2026 жылғы 30 қыркүйекте «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысы Әділет департаментінің өкілдері құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Кудесова Б.З және бас маманы Бурцева И.Т. Қостанай облысындағы Челябинск университеті филиалының заң клиникасының студенттері үшін арналған «Құқықтық квест» өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы әділет органдарының қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістерге арналды.
Қазылар алқасының құрамына Қостанай облысының заңгерлік қауымдастығының өкілдері Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Шопагулова Ж.С және «Заңгер» заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Аббасов Р.А. шақырылды.
Квест барысында студенттер Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша білімдерін, сондай-ақ құқықтық жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу және құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдану дағдыларын көрсетті.
Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттар табысталды.
Кездесуді қорытындылай келе, студенттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты сұрақтар қойып, заңгерлер қауымдастығының өкілдерінен білікті жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1302366?lang=ru

Жауап қалдыру