Шымкент қаласында «Жол көлік колледжі» ұйымдастыруымен студенттермен «Отбасы – бақыттың бастауы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 11 қыркүйекте Шымкент қаласында «Жол көлік колледжі» ұйымдастыруымен студенттермен «Отбасы – бақыттың бастауы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов, Сараптамалық кеңес мүшесі Б. Жандосова, «Әділет» партиясының өкілі, колледж ұстаздары мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, құқықтық көмек көрсету мәселелері кеңінен сөз болды.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жастарға заңды білу – өз құқығын қорғаудың негізі екені айтылып, отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік пен түсіністіктің маңызы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1301619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді