
Батыс Қазақстан облысында инженерлік жұмыстар жоспарының іске асырылу барысы қаралды.
Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен отырыста су тасқынының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.
2026 жылға су тасқынының алдын алуға бағытталған 31 іс-шара жоспарланған. Бүгінде оның 9-ы толық орындалды. Қалған іс-шаралар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Отырыс қорытындылары бойынша жауапты мекемелерге жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау, анықталған кемшіліктерді жедел жою тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1301834?lang=ru

Жауап қалдыру