
Түркістан облысында 2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен 25 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылып, оған 20 млрд 375 млн теңгеден астам қаржы қаралған. Бүгін қор өкілдері республикалық және өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Оған 40-қа жуық журналист пен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Іс-шара барысында
өңірде жүзеге асқан жобалардың нәтижесі таныстырылды.
Жиынға қатысушылар алдымен Сауран ауданындағы Ә. Сығай атындағы мектептің жұмыстарымен танысты. Одан кейін бапасөз туры Түркістан қаласындағы аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталықта, және №1 арнайы «Балабақша-мектеп-интернат» кешенінде және Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы балалар спорт залында жалғасты.
Ә. Сығай атындағы мектепте қордың қолдауымен білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасалған.
Сонымен қатар Түркістан қаласындағы аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталыққа арнайы жабдықтар орнатылып, мұнда балаларға кешенді қызмет көрсетуге барлық мүмкіндік қарастырылған. Аталған жұмыстар «Аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталықтарды жарақтандыру» жобасы аясында жүзеге асырылды.
Баспасөз туры №1 арнайы «Балабақша-мектеп-интернат» кешенінде жалғасты. Мұнда «Арнайы мектеп ұйымдарын жарақтандыру» жобасы аясында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар қордың қолдауымен білім беру мекемесінде заманауи телестудия ашылды. Іс-шара барысында оқушылар журналистермен сұхбаттасып, телестудия жұмысы арқылы меңгерген дағдыларымен бөлісті. Мамандардың айтуынша, телестудия тәрбиеленушілердің сөйлеу қабілетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуіне және әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етуде.
Сондай-ақ, ауылдық елді мекендердегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында
«100 ауылдық балалар спорт залы» жобасы жолға қойылып, Қарнақ ауылындағы балалар спорт нысаны қажетті құралдармен толық қамтылған.
2026 жылы Түркістан облысында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалардың жалпы құны 7,57 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде білім беру саласына – 5,14 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына – 1,14 млрд теңге, спорт саласына – 662,5 млн теңге, мәдениет саласына – 381,8 млн теңге, әлеуметтік қолдау және оңалту бағытына – 241,2 млн теңге қарастырылған.
Өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – мектептерге «Білім-Инновация» лицейлерінің озық тәжірибесін енгізу бастамасы. Жоба аясында 100 мектеп қамтылып, 4 600 педагогтің біліктілігін арттыру көзделген. Сондай-ақ, 300-ге тарта физика, химия, биология кабинеттері заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Нәтижесінде 60 мыңнан астам оқушыны қамту жоспарланып отыр.
Осы күні «Адамға инвестиция: адами капиталды дамыту жолындағы қайырымдылық» тақырыбында «Қазақстан халқына – 2026» V Ұлттық қайырымдылық конференциясы өтті.
Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Түркістан облысында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау және оңалту бағыттарында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1301654?lang=kk

Жауап қалдыру