
Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 49сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы;
Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары;
Жылыой ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы;
Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-5 «Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;
«Жылыой ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №16-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
«Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы;
Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы;
Аудан бойынша тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сатып алу және тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы;
Агроөнеркәсіп кешені аясында бизнес- инкубатор мен арнайы экономикалық аймақты құру туралы;
2025 жылғы Құлсары қаласындағы қайта жаңартылған саябақтарға, кіші аяқ доп, әмбебап ойын алаңдарына және көше жарығына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы.
Сессия барысында депутаттар ауданның тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік нысандарының қысқы кезеңге дайындығы, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, құрылыс және абаттандыру жұмыстары, жайылымдарды тиімді пайдалану, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, депутаттар Құлсары қаласындағы саябақтар, шағын футбол және әмбебап ойыналаңдары, көше жарығына бөлінген қаражаттың игерілуіне қатысты сұрақтарын қойып, атқарылған жұмыстардың сапасы мен тиімділігіне назар аударды.
Сессия күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhylyoy-district/press/news/details/1301982?lang=ru

Жауап қалдыру