
Қаламыздағы Шабельник отбасы «Еңбек жолы» республикалық конкурстың облыстық кезеңінде «Үздік еңбек әулеті» номинациясында II орынға иеленді.
Қарағанды облысының әкімдігінде Еңбек күніне арналған «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қатысушыларға наградаларды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев тапсырды.
Жүлдегерлердің арасынан ерекше орынға Саран қаласынан Шабельник педагогикалық әулеті ие болды. Әулет өкілдерінің жалпы еңбек өтілі 138 жылды құрайды, ал олардың кәсіби жолы маңызды іс – өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу болып табылады.
Конкурс нәтижесі бойынша Шабельник отбасына:
🏅 «Үздік еңбек әулеті»
номинациясындағы II дәрежелі диплом;
💰 300 000 теңгеге сертификат табысталды.
Шабельник отбасын лайықты нәтиже көрсеткені үшін құттықтаймыз және алдағы уақытта кәсіби сәттілік, жаңа белестер мен отбасылық керемет дәстүрдің сақталуын тілейміз!
👏 Саран қаласы өзінің еңбек әулетімен мақтанады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1302649?lang=ru

Жауап қалдыру