
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Текелі ауданаралық мәжбүрлеп орындату бөлімінің қызметкерлері қарттардың үйлеріне арнайы барып, оларды мерекелерімен құттықтады.
Іс-шара барысында қызметкерлер қарияларға ізгі тілектерін білдіріп, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады. Ақ баталарын алып, көңілдеріне қуаныш сыйлады.
Бұл – аға буынға деген құрмет пен ізеттіліктің, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі.
Қарттарымыздың әр күні мейірім мен қамқорлыққа, сыйластық пен құрметке толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1303299?lang=ru

Жауап қалдыру