«ӘУЕНГЕ АЙНАЛҒАН ҒҰМЫР» – АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«ӘУЕНГЕ АЙНАЛҒАН ҒҰМЫР» – АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Департаментте сала ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Әуенге айналған ғұмыр» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында әр салада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, саланың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

Кеш барысында ардагерлерге арналған жүрекжарды әндер шырқалып, әсерлі музыкалық шығармалар орындалып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Өнерпаздардың әсем әндері мен жылы лебіздері тағылымды ғұмыр жолынан өткен ардагерлерге деген құрмет пен алғыстың белгісіне айналды.

«Әуенге айналған ғұмыр» атты тағылымды кеш – ел еңбегіне ғұмырын арнаған ардагерлерге көрсетілген құрметтің, олардың өнегелі жолына деген ризашылықтың айқын көрінісі болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1303109?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді